Жаңалықтар

Букреев шыңынан үш турист құтқарылды

ТЖМ құтқарушылары тауда қалған туристерге барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді
Букреев шыңынан үш турист құтқарылды
Фото: Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі 02.04.2023 10:00 1167

Алматы қаласының құтқарушылары тауда үш туристті құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі  облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2023 жылғы 1 сәуірде сағат 16: 35-те ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімшесіне Алматы қаласы ТЖД жедел кезекшісінен шақыру келіп түсті. Үш адам Бутаков асуынан Букреев шыңына көтеріліп бара жатқан уақытта қар көшкіні түскен кезде бір турист төменге қарай сырғып түскен. Бес адамнан тұратын Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел құтқару тобы адамдарға көмекке дереу аттанды. Сонымен қатар, ер адамдарды іздеуге Алматы қаласының Құтқару қызметінің құтқарушылары қосымша жіберілді.

Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел кезекшісі оқиға орнының локациясын жіберген өтініш берушімен байланысқа шықты. Ол туристік маршрут бойынша тауға көтерілу кезінде қар көшкін салдарынан оны басқа жолдастарынан алыс жерге сырғып кетіп, қар көшкінін қайта түсуіне себеп болғысы келмейтіндіктен, әрі қарай жүре алмайды. Ол орнында қалып, құтқарушылардың көмегін күтеді, деп ер адам хабарлады. Туристер үшін ұялы байланыс қол жетімді болды. Сағат 18.43-те Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зардап шеккендермен визуалды байланыс орнатқан кезде олар бірігіп, көмек күткен болатын. 20 минуттан кейін РЖҚЖ құтқару тобы Құтқару қызметінің құтқарушыларымен бірге туристерге жетіп, зардап шеккендерді төменге түсіру жұмыстарын бастады. Сағат 19:55-те туристерді төмен түсіру жұмыстары аяқталды, құтқарушылар оларды  Бутаков шатқалындағы автотұраққа дейін жеткізді. Ер адамдарға медициналық көмек қажет емес еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға