«Бүкіл қала іздеді»: Семейде жоғалған 13 жасар қыз табылды
Фото: Абай облыстық ПД
Фото: Абай облыстық ПД
24.02.2024 02:03
2868
Семейде жоғалған 13 жасар қыз аман-емен табылды. Жасөспірім 23 ақпан күні таңғы уақытта үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайтып оралмаған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Абай облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 9 сынып оқушысын тәртіп сақшылары, қыз оқитын мектеп мұғалімдері, еріктілер, сондай-ақ тұрғындар бүкіл қаланы шарлап іздеген.
Іздеу жұмыстары ойын-сауық орындарымен қатар қараусыз қалған ғимараттарда да жүргізілген. Полицейлер оқушыны "Қазына" сауда үйінен тапты.
Ол орталық полиция бөліміне жеткізіліп, мамандар онымен әңгіме жүргізілуде. Бала психологтың қарауынан кейін ата-анасына тапсырылады.
Оқи отырыңыз:
- «Үлкен сомада қарызы болған»: Түркістан облысында 23 жастағы жігіт із-түссіз жоғалып кетті
- Шымкентте 11 жастағы бала үйден қашып кеткен
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
СҚО-да гараж өртеніп, 2 адам ауруханаға жатқызылды