Жаңалықтар

Бүгіннен бастап Ұлттық банк жаңа монета шығарады

Бүгіннен бастап Ұлттық банк жаңа монета шығарады
Фото: Ұлттық банк 03.10.2024 07:32 140

3 қазаннан бастап Ұлттық банк жаңа монеталарды интернет-дүкенінде сатылымға шығарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Шаңырағыңыз шаттыққа тол­сын» монетасы жер бетіндегі бейбіт­шілік пен ошақ жылуын білдіреді. «Шаңырағыңыз шаттыққа толсын» деген сөздер адамдар бір-бірімен тату-тәтті өмір сүрсін, үй иелерінде ты­ныш­тық пен береке болсын деген тілекте айтылады, – делінген Ұлттық банк хабарлама­сында.

Монетада терезенің жақтауында жатқан мысықтың суреті бар. Сондай-ақ шаңырақтың, ою мен тағаның суретін де байқауға болады. Бұл моне­талар 925/1000 сынамалы күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, диа­метрі – 38,61 мм, номиналы – 1000 теңге. Тиынның таралымы – 2000 дана.

Коллекциялық монеталар Қазақ­стан Республикасының бүкіл аумағын­да номиналды құны бойынша төлемнің барлық түрі үшін, сондай-ақ банк шот­тарына есепке алу үшін және елі­міз­дің барлық банктерінде аудару, май­далау және айырбастау үшін қабыл­дануға міндетті, – деп жазды Ұлттық банк.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға