Жаңалықтар

Бүгіннен бастап көлік иелеріне қатысты жаңа сервис іске қосылды

Бүгіннен бастап көлік иелеріне қатысты жаңа сервис іске қосылды
Фото: ©Pixabay.com 01.04.2025 10:37 334

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев көлік иесіне анонимді хабарлама жіберу сервисі іске қосылғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгіннен бастап тағы бір цифрлық мүмкіндік іске қосылды — көлік иелеріне хабарлама жіберу сервисі. Егер сіз ашық тереземен қалған немесе өтуге кедергі келтіріп тұрған көлікті байқасаңыз, мемлекеттік нөмірді теріп, жағдайды таңдасаңыз жеткілікті. Көлік иесіне анонимді хабарлама жіберіледі. Бұл сервис өзара көмектесу мен азаматтық жауапкершіліктің құралына айналады деп сенеміз. Жоба Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылды, – деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға