Бүгіннен бастап балағат сөз үшін айыппұл мөлшері өсті
Фото: tadviser.ru
Фото: tadviser.ru
06.03.2023 09:29
1243
Бүгіннен бастап Қазақстанда қоғамдық орындарда балағат сөз айтқаны үшін салынатын айыппұлдың мөлшері өсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
6 наурызда Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілген, балағат сөз үшін жазаны қатаңдатуды көздейтін түзетулер күшіне енді.
Бұған дейін айыппұл мөлшері 5 АЕК (17 250 теңге) болса, бүгіннен бастап – 20 АЕК (69 000 теңге).
Сондай-ақ әлеуметтік желідегі былапыт сөздер үшін де жауапкершілік бар. Әлеуметтік желілерде айтылған балағат сөз қоғамдық орындарда немесе айналасындағыларға сыйламаушылық танытып, азаматтардың тыныштығын бұзса, ол үшін жауапкершілік ұсақ бұзақылық бабымен қарастырылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Доллар бағасы тағы арзандады