Ұлттық банк доллар мен рубльдің 9 желтоқсандағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны - 472,17 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,57 теңге болды.
8 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа құны 1, 47 теңгеге төмендеп, 472, 04 теңгені құрады.
Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472,5 – 475,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 472 – 476 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 7,22 – 7,37 теңге аралығында сатып алуға болады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алтай Көлгінов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болды
Келесі жаңалық
Астаналықтар Төрт құрлық чемпионын әуежайдан күтіп алды