Жаңалықтар

Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы

14 өңірде ескерту жарияланды
Бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: pexels.com 31.10.2022 09:39 2055

«Қазгидромет» РМК 31 қазанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz. 

Қызылорда облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің батысында, орталығында күші 15-20 м/с жетеді.

Астана қаласында кей уақыттарда көктайғақ күтіледі.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман болжанады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында күші 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстік шығысында жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен, онтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында, батысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың батысында 15-20 м/с екпінде жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болжанады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында екпіні 23 м/с күшеюі ықтимал.

Абай облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында күші 23 м/с артады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстіктен жел соғады, түнде батысында, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға