Жаңалықтар

Бүгін Жер бетінде магнитті дауыл болады

Бүгін Жер бетінде магнитті дауыл болады
Фото: chatgpt.com 16.04.2025 13:51 361

Сәуле астрономиясы зертханасы мен Ғарыштық зерттеулер институты мәліметінше, 16 сәуірде магнитті дауыл болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғалымдар оны G2 деңгейі деп көрсетіп отыр. Аспанда полярлы шұғыла көрініс беруі де ғажап емес.

Ғалымдардың мәліметінше, геомагнитті фон әсіресе түстен кейін, шамамен 15:00-де күрт өзгеруі мүмкін. Түнге қарай дауыл G1 деңгейіне дейін әлсірейді.

Магнитті дауылдың негізгі себебі – 13 сәуірде Күннен Жерге қарай екі ірі жалын тілінің бөлінуі. Олар 15 сәуір кешінде Жерге жетіп, келесі күні геомагнитті белсенділік тудырмақ.

Болжам бойынша 16 сәуірде болатын магнитті дауыл үш кезеңге бөлінеді. Бұл кезең таңнан кешке дейінгі уақытты қамтиды.

Дауылдың пайда болу ықтималдығы – 70%. Ғалымдар бұл түнде және келесі күні түнде полярлы шұғыла байқалуы мүмкін екенін айтады. Сәуір айында күн белсенділігі артып отыр.

12–13 сәуір аралығында Күн бетінде 39 жыпылықтау тіркелген. Оны жартылай күшті деңгей деп аталынып отыр. Бұл құбылыс Күннің белсенділік циклына байланысты.

Магнитті дауылдар – Жердің магнит өрісіндегі күшті ауытқулар. Олар жүрек-қантамыр аурулары бар адамдардың жағдайын нашарлатуы, бас ауруын немесе әлсіздік туғызуы мүмкін. Сонымен қатар, техника мен байланыс жүйелерінің жұмысына да әсер етуі ықтимал.

Дәрігерлердің кеңесіне қарғанда, магнитті дауыл кезінде белсенді әрекеттерді азайтып, көбірек тынығу қажет. Стрестен аулақ болып, жеңіл тамақтанып, суды көбірек ішу керек. Ұйқы мен сергектік режимін сақтаған абзал. Әрине, ішімдік пен кофеден бас тартқан жөн. Далада көп уақыт өткізсеңіз, тікелей күн сәулесінен сақтанудың пайдасы бар.

Созылмалы аурулары бар адамдарға дәрілерді оңай жерге сақтау керек.

Келесі магнитті дауылдар 22 және 24 сәуір күндері өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға