Жаңалықтар

Бүгін жаңа саяси маусымның қарсаңында біз тағы бір дәстүрді бастағалы отырмыз – Мәжіліс төрағасы

Бүгін жаңа саяси маусымның қарсаңында біз тағы бір дәстүрді бастағалы отырмыз – Мәжіліс төрағасы
Фото: t.me/AMANATPartiyasy 31.08.2023 12:14 761

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен Парламент Мәжілісінде мемлекет басшысы жолдауының жүзеге асырылу барысы туралы «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде әділдік пен демократия принциптерін орнықтыру және нығайту жолында жүйелі түрде, кезең-кезеңімен жағдай жасауда. Соның дәлелі – көп партиялы Мәжіліс жасақталды. Әр түрлі көзқарастағы азаматтар депутат мандатын алды. Тағы бір көрінісі – мемлекет басшысының бастамасымен биыл алғаш рет жеңіске жеткен партия премьер-министрдің кандидатурасын ұсынды, - деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасы жаңа саяси маусымның қарсаңында тағы бір дәстүрді бастағалы отырғанын атап өтті.  

Алғаш рет Фракция отырысында Президенттің жолдауларының орындалуы жөнінде премьер-министрдің ақпаратын тыңдайтын боламыз. Сондықтан басым дауысқа ие болған партия ретінде фракция отырысына Үкімет басшысын арнайы шақырып отырмыз, - деді Қошанов.

Ол Үкімет Президенттің жүктеген міндеттерін барынша іске асырып жатқанына тоқталды.

Қазіргі уақытта Үкіметтің барынша жұмыс істеп жатқанын көріп отырмыз. Ең бастысы, Президент жүктеген міндеттер орындалып жатыр. Азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша оң қарқын байқалуда. Депутаттар Үкіметпен бірге мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жолында осы қарқынды сақтап қалуы қажет, - деді төменгі палата төрағасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға