Бүгін Талғат Бигелдиновтің туған күні
Бүгін авиация генерал майоры, Кеңес одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері Талғат Бигелдиновтің туған күні, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аэроклубта ұстаздарының оң көзіне түскен Талғат Бигелдинов 1940 жылы Саратов әскери-авиация мектебіне оқуға түсті.
Бигелдинов әскерилер арасында ұшқыш танк деп аталып кеткен «Илюша» ұшағымен көк жүзінде 500 сағат болды. 305 рет әскери шабуылға шығып, Берлинді алуға бірінші болып қатысты.
23 жасында Кеңес одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, майданнан аман-есен оралды.
Ол 1966 жылы жарық көрген «ИЛ шабуылдайды» деп аталатын кітабында ұшқыш мамандығына келудегі күрделі жолын, соғыстағы күнделікті өмірін және соғыстан кейінгі кезеңдері туралы баяндады. Батырдың бұл кітабы тек Қазақстанда ғана емес, КСРО-да да танымал болды.
Талғат Бигелдиновтің ерлігі көптеген теледидарлық бағдарламалардың, деректі фильмдердің және көркем фильмдердің негізі болды. Солардың ішінде даңқты ұшқыштың өмірі жайлы «Көкке самғау» атты деректі фильм түсірілді.