Жаңалықтар

Бүгін тағы үш облыста жол жабылды

Бүгін тағы үш облыста жол жабылды
Фото: ©El.kz 25.03.2025 09:22 243

Қазақстанның үш облысында республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

25 наурыз күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша келесі жолдар жабылды:

  • Ақтөбе облысы – «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз»тасжолының 3-92 шақырымында (Қандыағаш – Ембі аралығы).
  • Қостанай облысы – Қазақстан-Ресей шекарасындағы бейтарап аумақ, Мариновка ауылына жақын маңда.
  • Солтүстік Қазақстан облысы – «Петропавл қаласын айналып өту» жолының 4-7 шақырымында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзеніндегі көпірге дейін).

Қазіргі уақытта жолдарды тазалау жұмыстарына 62 арнайы техника мен 96 маман жұмылдырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға