Жаңалықтар

Бүгін – сайлауалды үгіт-насихаттың соңғы күні

Бүгін – сайлауалды үгіт-насихаттың соңғы күні
Фото: baq.kz 17.03.2023 11:51 1308

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров бүгін сайлауалды үгіттің соңғы күні екенін ескертті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

18 наурыз - тыныштық күні. Ертең ешқандай үгіт-насихат жасауға болмайды. Тыныштық күні сайлауалды кез келген іс-әрекетіне тыйым салынады және ол үшін заңнамамен құқықтық жауапкершілік көзделген. Осы мәселе бойынша уәкілетті және қадағалау органдарының ақпаратын тыңдайымыз, – деді ол. 

АҚДМ вице-министрі Қанат Ысқақов үгіт-насихат кезінде кандидаттарға тең жағдай жасалғанын айтты.

Үгіт-насихат кезінде үш міндет бар. Бірінші сайлау додасына қатысатын саяси партиялардың үгіт-насихат кезінде жұмыстарын баяндауға тең жағдай жасау. Екінші міндет кең аудитория сайлау құқытары туралы ақпараттандыру және азаматтардың дауыс беруіне байланысты қызығушылықты ояту мақсатында ақпараттық түсіндіру жүргізу. Үшінші міндет сайлау кезіндегі БАҚ және онлайн платформаны пайдаланушылардың сайлау заңнамасының талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Осы мәселе бойынша министрлік тұрақты мониторинг жүргізіп отыр. Атап айтсақ, 18 ақпан және бүгінгі күнге дейін үгіт-насихат кезінде монитрингке 576 республикалық және облыстық БАҚ қамтылды. Оның ішінде 48 телеарна, 386 газет және 142 интернет ресурстары. Яғни, бұл ақпараттық кеңістіктің 95-96 пайызын қамтылды, – деді ол. 

Бұдан бөлек вице-министр 10 мыңға жуық материал жарияланғанын айтты. Оның ішінде, 5 мыңнан астамы телеарна, 2600 баспа басылым және қалғандары интернет ресурстарында жарияланған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға