Бүгін республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

Фото: ©El.kz
Фото: ©El.kz
15.11.2023 00:27
618
Қазгидромет 15 қараша, сәрсенбі күні елімізде ауа райы қандай болатынын жария етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың батысында және солтүстік-батысында жаңбыр, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады деп болжанып отыр.
Сондай-ақ, синоптиктер республика бойынша тұман түсіп, жел күшейетінін мәлімдеді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді