Жаңалықтар

Бүгін Қырғызстанның Тәуелсіздік күні

Бүгін Қырғызстанның Тәуелсіздік күні
Фото: © Pixabay.com 31.08.2023 11:35 1208

Бүгін Қырғызстан тәуелсіздігінің 32 жылдығын тойлап жатыр. Бауырлас елге мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі Қырғызстанның жетістіктері Қазақстанда зор ықыласпен қабылданады, сондай-ақ көпжақты ынтымақтастығымызды достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында одан әрі нығайтуға баса назар аударылады. Бірлескен күш-жігердің арқасында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы бауырлас халықтардың игілігі үшін нығая беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Бүгін Қырғызстанның Тәуелсіздік күні

Қырғыз Республикасы жыл сайын 31 тамызда басты мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнін тойлайды. 1991 жылдың дәл осы күні Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясы «Қырғызстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі декларациясы» қаулысын қабылдады. Осы тарихи акт бойынша Қырғыз Республикасы тәуелсіз, егемен, демократиялық мемлекет болып жарияланды.

1993 жылғы 5 мамырда тәуелсіз мемлекет ретінде Қырғыз Республикасының алғашқы Конституциясы қабылданды.

Әдетте мереке Бішкектің орталық алаңы Ала-Тоода атап өтіледі. Онда мерекелік шерулер, іс-шаралар, концерттер ұйымдастырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға