Жаңалықтар

Бүгін қай өңірде ауа сапасы нашарлайды

Бүгін қай өңірде ауа сапасы нашарлайды
Фото: ©El.kz 12.04.2025 10:10 96

Бүгін, 12 сәуірде, Алматы және Орал қалаларында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның төменгі қабаттарында зиянды ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді табиғи факторлар жиынтығы. Олардың қатарына желдің бәсеңдеуі, тұман, ауаның температуралық инверсиясы және атмосфералық қысымның тұрақсыздығы жатады.

ҚМЖ кезінде елді мекендерде атмосфералық ауаның ластану деңгейі артуы мүмкін. Мұндай жағдайда тұрғындарға ұзақ уақыт ашық ауада болмауға, денсаулықты сақтау шараларын қабылдауға кеңес беріледі, – делінген хабарламада.

Синоптиктер ластану деңгейінің қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларға атмосфералық қысым, желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын және ауа температурасы секілді метеорологиялық көрсеткіштерді жатқызады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға