Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы өтеді
5 маусым сағат 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі басқосуда депутаттар Үкімет пен Жоғарғы ауудиторлық палатаның 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қаратын болады.
Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы мәдени орталықтарды өзара құру туралы келісімді ратификациялау жобасы да күн тәртібінде қарастырылған.
Сонымен қатар Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа қабылдайды: Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер, Қазақстан мен Сингапур арасындағы көрсетілетін қызметтер саудасы мен инвестициялар туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы.
Тікелей эфирді parlam.kz ресми сайтынан, Мәжілістің YouTube арнасы мен Facebook парақшасынан, сондай-ақ «24KZ» және «Jibek Joly» телеарналарынан көруге болады.