Жаңалықтар

Бүгін - Халықаралық театр күні

Бүгін - Халықаралық театр күні
Фото: ortcom.kz 27.03.2025 09:45 402

Бүгін Халықаралық театр күні атап өтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл күнді аталған өнер түрінің қоғам өміріндегі маңыздылығына назар аудару мақсатында 1961 жылы Халықаралық Театр институты (International Theatre Institute, ITI) бекітті. Әр спектакльді қою үшін актерлер, режиссерлер, жазушылар, костюмерлер, гримерлер, жарықтандырушылар және басқа да көптеген талантты адамдар атсалысады. Олар жарқын бейнелер мен ұмытылмас оқиғаларды сахналап, көрермендерді көрермендерді сан сезімдерге бөлеп, терең ойларға жетелейді. Қазақстанда 57 мемлекеттік және 10 жекеменшік театр жұмыс істеп тұр.

Отандық өнер ордаларында 9 мыңға жуық маман еңбек етеді, оның 4 мыңнан астамы – шығармашылық ұжым. Былтыр Қазақстанның мемлекеттік театрлары 200-ден астам жаңа қойылым қойды, оның 107-сі отандық авторлардың шығармаларына негізделген. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға