Жаңалықтар

Бүгін Халықаралық бейбітшілік күні

Бүгін Халықаралық бейбітшілік күні
Фото: assembly.kz 21.09.2024 09:08 624

Бүгін, 21 қыркүйек күнін, әлем елдері Халықаралық бейбітшілік күні ретінде атап өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл күнді БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1981 жылы бекіткен. Басты мақсат ­– мемлекеттер мен халықтар ішінде, сондай-ақ олардың арасында бейбітшілік идеалдарын атап өтуге және нығайтуға шақыру. 

Ал 20 жылдан кейін, 2001 жылы Бас Ассамблея бірауыздан резолюция қабылдады, онда 2002 жылдан бастап Халықаралық бейбітшілік күні жыл сайын 21 қыркүйекте жаппай отты тоқтату және зорлық-зомбылықтан бас тарту күні ретінде атап өтілетін болады деп қаулы етті.

Қазақстан – бүгінде достық пен келісімде 40-тан астам конфессияға біріккен 100-ден астам этнос өкілдері тұратын көпұлтты мемлекет.

Қазақстанда халықтар арасындағы қарым-қатынастың ерекше дәстүрі қалыптасты. Әлемде этносаралық келісімнің қазақстандық моделі туралы айтыла бастады. Оның негізінде тағдыр еркімен біздің аумағымызға көшіп келген барлық этникалық конфессияларға қазақтардың толерантты және төзімді қатынасы жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға