Жаңалықтар

Бүгін еліміздің кей аймақтарында күн қатты ысиды

Бүгін еліміздің кей аймақтарында күн қатты ысиды
Фото: © El.kz 25.07.2023 07:29 887

Синоптиктер ел аймақтарында 25 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің батысында қатты жаңбыр күтіледі. Тек елдің оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу, Абай, Ұлытау облыстарында, Маңғыстау, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-43°С қатты ыстық болады.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, орталығында 42°С өте қатты ыстық сақталады, Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында 45°С, Ұлытау облысының оңтүстігінде 40°С өте қатты ыстық күтіледі.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола облыстарында оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады, - деп жазды «Қазгидромет» таратқан хабарламада.

Сонымен қатар Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, Атырау облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға