Жаңалықтар

Бүгін еліміздің айтулы мерекесі - Тәуелсіздік күні!

Бүгін еліміздің айтулы мерекесі - Тәуелсіздік күні!
Фото: Коллаж EL.kz 16.12.2023 08:49 1355

Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіз ел атанғанына 32 жыл толды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   

Талай ғасырлар бойы қиыншылықты басынан өткерген халқымыз үшін тәуелсіздік асыл ұғым. 1991 жылы КСРО ның ыдырауы нәтижесінде одақ құрамында болған елдер өз алдарына тәуелсіз республика болып жатқанда Қазақстанда да тәуелсіз мемлекет ретінде бөлек шықты. 

Сол жылы16-желтоқсанда​ Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі​ “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдаған болатын. 

Еліміздің Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғашқы болып, әлемнің бірінші дамыған державасы саналатын АҚШ мойындап, артынша Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеттері мойындаған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға