Жаңалықтар

Бүгін елдегі ХҚКО-ларда бірнеше қызмет түрі жұмыс істемейді

Бүгін елдегі ХҚКО-ларда бірнеше қызмет түрі жұмыс істемейді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 19.06.2023 05:10 980

Бүгін елдегі ХҚКО-да бірнеше қызмет түрі көрсетілмейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 19 маусымда Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіне деректерді көшіруге байланысты жер және жылжымайтын мүлік саласындағы мемлекеттік қызметтің барлық түрі уақытша қолжетімсіз болатынын хабарлады.

Қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау, оның ішінде ХҚКО-лар арқылы оның ішінде тұрғылықты жері бойынша тіркелу және жылжымайтын мүлікті ресімдеу, сондай-ақ, eGov.kz порталы арқылы тіркелу, нотариустар, салық ұйымдары, ЕДБ және ҚР Әділет министрлігінің Атқарушылық іс жүргізу органдарының жүйелері арқылы қызмет көрсету тоқтатылады.

Іске қосу-реттеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бірнеше күн ішінде ЖМБ МК мен сервистердің дұрыс жұмыс істемеуі байқалуы мүмкін. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға