Жаңалықтар

Бүгін Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні

Бүгін Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 27.02.2025 09:25 457

27 ақпанда жыл сайын Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні аталып өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық деңгейде алғаш рет 2014 жылғы 27 ақпанда Финляндияның Хельсинки қаласында мерекеленді. 

Бұл күні бүкіл әлемде азаматтық сектордың қоғамның барлық салаларын дамытуға қосқан үлесі туралы айтылады.Дүниежүзілік ҮЕҰ күні үкіметтік емес ұйымдардың жаһандық құндылықтарын, ұмтылыстары мен нәтижелерін көрсетеді.

Бүгінгі таңда елімізде 22 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға