Жаңалықтар

Бүгін – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні

Бүгін – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 01.03.2023 09:28 1914

Қазақстанның Алғыс айту күнінен бөлек, бүгін, 1 наурызда бүкіл әлем Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін атап өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні азаматтардың қауіпсіздігі мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару, төтенше жағдайларды болдырмау және орын ала қалған жағдайда қауіпсіз жүріп-тұру ережелерін дағдылау мақсатында жыл сайын атап өтіледі.

Дәстүр бойынша 1 наурызда "Баршаның назарына!!!" бірыңғай ескерту сигналымен ескерту жүйесі іске қосылады. 

"Баршаның назарына!!!" дыбыстық сигналы - бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды жібермес бұрын халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға