Жаңалықтар

Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: © El.kz 05.10.2023 07:30 417

5 қазанда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, тек Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды және Теміртау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға