Бүгін бірнеше өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады

Астанада 16 наурызда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жолдарда көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
16 наурызда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман тседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
16 наурызда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.
16 наурызда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с болады.
16 наурызда Қостанай облысында түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ болып, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
16 наурызда түнде Алматы облысының орталығында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.
16 наурызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
16 наурызда Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.
16-18 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
16 наурызда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түсед. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр). Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
16 наурызда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі.
16 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
16 наурызда Жетісу облысының таулы аудандарында түнде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында күші 15-20, екпіні 25 м/с.
