Жаңалықтар

Бүгін бірнеше облыста ауа температурасы 40 градустан асады

Бүгін бірнеше облыста ауа температурасы 40 градустан асады
Фото: ©El.kz 06.08.2023 07:08 1012

Синоптиктер 6 тамыз күні бірнеше өңірде күн қатты ыстық болатындығы туралы болжам жасады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, әлі де, атмосфералық фронталды бөлікдердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылып тұрады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек Қазақстанның батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте желдің соңғы шаңды дауылға ұласады. Қазақстанның солтүстігінде түнде және таңертең тұман түсед, күндіз еліміздің солтүстігінде, орталығында бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында 35-39°С аптап ыстық, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында 38-41°С қатты ыстық сақталады.

Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, орталығында 40-42°С өтте қатты ыстық мақталады.

Ақмола, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақаталады, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтобе облысының орталығында және оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға