Жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: © El.kz 31.08.2023 03:28 866

Синоптиктер 2023 жылдың 31 тамызы мен 2 қыркүйегі аралығындағы Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы үш тәулікте республикамыздың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Синоптиктер найзағай ойнап, қатты жел тұрып, жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін деп болжайды.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауып, салдарынан сынап бағаны күрт төмендейді деп болжанады.

Республикамыздың солтүстігінде ауа температурасы күрт төмедейді деп күтіледі, түнгі уақытта сынап бағаны: +5 + 10°C , күндіз: +10+18°C, - деді "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктер атап өткендей, Қазақстанның батысында ғана жоғары атмосфералық қысым әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, сондай-ақ күндіз ауа температурасы +25+30 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі деп болжанады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға