Жаңалықтар

Бүгін әскери құрылысшылар кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр

Бүгін әскери құрылысшылар кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 13.08.2023 14:27 1083

Елімізде тамыздың екінші жексенбісінде атап өтілетін Құрылысшылар күніне орай гарнизондарда әскери қызметшілердің, азаматтық персоналдың және сала ардагерлердің қатысуымен салтанатты шаралар өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгінде Әскери инфрақұрылым бас басқармасына 19 аудандық пайдалану бөлімі мен 6 жол-пайдалану учаскесі қарайды. Бөлімшелер нысандарды салумен және оларды күтіп ұстаумен, қолда бар қорды күрделі және ағымдағы жөндеумен айналысып жүр.
 
Қарулы күштердің құрылыс бөлімшелері біраз әскери қалашықтар мен нысандар салды. Оның ішінде Қорғаныс министрлігінің әкімшілік ғимараты, Астанадағы Ұлттық қорғаныс университеті мен Щучинск қаласындағы Кадет корпусы ғимараттарының кешендері, Ақтау, Шымкент қалаларындағы әскери қалашықтар, Маңғыстау облысының Бейнеу ауылындағы әскери қалашықтар бар.

Құрылысшылардың жасампаз еңбегінің арқасында оқу-жаттығу полигондары мен орталықтары, атап айтқанда, Ақтау, Гвардейск және Приозерск қалалары да қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. Қарағанды, Ақтау және Астана қалалары әуеайлақтарының әскери секторларында объектілер салынды. Шымкент, Талдықорған және Балқаш қалаларындағы әуеайлақтар күрделі жөндеуден өтті.

Әскери құрылысшылардың күшімен модульдік конструкцияларға негізделген жылжымалы тұрғын үйлер, казармалар, асханалар, штабтар, оқу, әкімшілік және техникалық ғимараттар салынып жатыр. Әскери қалашықтар жоспарлы түрде абаттандырылып тұрады, кіреберіс жолдар да жөнделуде, балалар және спорт алаңдары жабдықталып жатыр.

Қарулы күштердің құрылысы мен оны дамытудың жаңа тұжырымдамасы шеңберіндегі іс-шараларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылып отыр, оқ-дәрі қоймалары, әскери қоймалар салынып жатыр. Оларды жетілдіру және қажетті жабдықтармен жарақтандыру жұмыстары жүргізілуде.

Жаңадан құрылған Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында және Түркістан қаласында қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің штабы мен қызметтік-техникалық үй-жайларын салу жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға