БҚО жолдарында бір күнде екі қайғылы оқиға болды

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан тағы екі адам мерт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 7 шілде күні Бөрлі ауданы аумағында болды.
Сағат 18.20-да Бөрлі-Ақсай-Жымпиты күре жолының 10-шақырымында 1983 жылғы жүргізуші «ВАЗ-21114» автокөлігімен келе жатып, қарсы бетке шығып кеткен. Содан 1981 жылғы жүргізуші айдап келе жатқан «ВАЗ-21120» автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Жол апаты салдарынан екі жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Үш жолаушы Ақсай қаласындағы орталық аудандық аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.
Бұл – бір күнде болған екінші қайғылы оқиға.
