БҚО тұрғыны он күн көлік жүргізем деп 4 млн айыппұл арқалады

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
13.04.2023 14:40
1158
БҚО тұрғыны 10 күн ішінде 139 рет жылдамдық режимін бұзған. Айыппұлдың жалпы сомасы 4 млн теңге, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Автокөліктің қазақстандық тіркеуі жоқ екенін пайдаланған жүргізуші жол қозғалысы ережелерін сақтамай қалада жылдамдықты барынша асырған. Ол көлігін базалар бойынша есепке алмайды және жазадан оңтайлы құтылып кетемін деп ойлаған, - делінген хабарламада.
БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері құқық бұзушыны ұстады. Белгілі болғандай, жүргізуші көлік құралын басқаруға құқығы болмаған.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, енді жүргізуші қомақты айыппұлды төлеуге мәжбүр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елена Рыбакина Президентке кітап тарту етті