Жаңалықтар

БҚО тұрғыны дәрігер салғырттығынан аяғынан айырылды

БҚО тұрғыны дәрігер салғырттығынан аяғынан айырылды
Фото: pixabay.com 20.11.2024 15:44 411

БҚО тұрғыны дәрігер салғырттығынан аяғынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық соты Қылмыстық кодекстің 317-бабы "Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауы" бойынша істі қарағанын хабарлады. Сотталушы жергілікті ауруханада хирург болып жұмыс істеген. Тергеушілердің айтуынша, ол өз жұмысына салғырттық танытқан.

2023 жылғы 25 қазанда жәбірленуші аяғынан жарақат алды. Ауруханаға жеткізіліп, аяғы антисептиктермен емделген. Дәрігер жарадағы өлі тіндерді алып тастап, жараны кеспей тігіп, білте қойылған. Осыған байланысты ірің экссудат шықпай, жараға білте қойылмай, нәтижесінде сұйықтық жиналған. Тіндер қысылып, инфекция кірген.

2024 жылғы 10 қарашада жәбірленушінің жарақаттанған оң аяғы тобық тұсынан кесілген. Сотта жәбірленуші хирург келтірілген шығынды өтегенін және онымен медиация тәртібімен татуласып, дәрігерді кешіргенін және қылмыстық істі тоқтату туралы арыз бергенін айтты.

Сот қылмыстық іс материалдарын зерделеп, оларға баға бере келе, сотталушы жасаған қылмыстық әрекет онша ауыр емес қылмыстар санатына жататынын анықтады, - деп хабарлады облыстық сот өкілдері.

Сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, іс өндірістен қысқартылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға