Жаңалықтар

БҚО соты әскери бөлімнен қашып кеткен ресейлікке босқын мәртебесін берген жоқ

БҚО соты әскери бөлімнен қашып кеткен ресейлікке босқын мәртебесін берген жоқ
Фото: El.kz 02.05.2023 23:05 921

Наурыздың соңында ресейлік Игорь Саджиев әскери бөлімнен қашып, Қазақстан шекарасын төлқұжатсыз заңсыз кесіп өткен. Оның ісі сотта қаралды , деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Мен қашуға мәжбүр болдым. Бейбіт тұрғындарды өлтіргім келмейді. Өткізу пунктінен өте алмайтын едім, себебі төлқұжатым жоқ, - деді ол сотта.

Мемлекеттік айыптаушы Қазақстан шекарасын әскери билетпен де өтуге болатынын, себебі ол жеке басын куәландыратын құжат екенін айтты. Мұны Санджиев білмейтін болып шықты. 

Дегенмен сот Санджиевтің босқын мәртебесін беру туралы өтінішін қанағаттандырған жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға