Жаңалықтар

БҚО Полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды

БҚО Полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды
Фото: © Polisia.kz 12.05.2023 00:25 1020

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев полиция полковнигі Арман Оразалиевті облыс активіне және ПД-нің жеке құрамына жаңа бастықты таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Оразалиев Арман Молдиярұлы 1975 жылдың 26 мамырында Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Құқық  қорғау органдарында 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Оңтүстік Қазақстан облысында және ҚР ІІМ-де жедел қызмет саласында әр түрлі басшы лауазымдарда қызмет етті. Павлодар және Жамбыл облыстарында ПД бастығы лауазымында қызмет атқарды. Тәжірибесі мол басшы.

Соңғы жұмыс орны - ҚР ІІМ Қриминалдық ПД бастығының орынбасары. Айта кетейік, БҚО ПД жеті жылға жуық басқарған Махсудхан Аблазимов Қызылорда облысы ПД бастығының лауазымына ауысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға