Жаңалықтар

БҚО-да жол апатынан шекарашы қаза тапты

БҚО-да жол апатынан шекарашы қаза тапты
Фото: mgorod.kz 25.02.2025 19:21 127

Оқиға 24 ақпанда Жәнібек ауданына қарасты Өнеге ауылы маңындағы Қазталовка – Өнеге – Жәнібек тас жолында болған, деп хабарлайды "Мой город" басылымына сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі. 

Ондағы ақпаратқа сүйенсек, Ford Focus көлігінің жүргізушісі жүк көлігін басып озбақ болып, қарсы жолаққа шыққан. Сол сәтте Chevrolet Cobalt көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан үш адам қаза тауып, Ford Focus көлігінің төрт жолаушысы жарақат алды. Қаза тапқандардың бірі – облыстық шекара қызметінің қызметкері.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды, бірақ әзірге ресми ақпарат берілмеді. Шекара қызметі де өз тарапынан қызметтік тексеріс бастаған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға