БҚО-да жол апатынан алты адам көз жұмды

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр
18.09.2023 09:01
1152
БҚО-да жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ мәләметінше, 17 қыркүйек күні сағат 19:30 шамасында БҚО, Теректі ауданы, Бекей кентінің жанында Самара - Шымкент республикалық маңызы бар автожолының 290-шақырымында ауыр жүк көлігі DAF фурасымен Lada Priora жеңіл көлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды.
ЖКО салдарынан 6 адам қаза тапты. Олар: 34 және 33 жастағы ересек адамдар, 11, 12, 5, 1 жастағы кәмелетке толмаған балалар. Жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі зардап шекті. Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысында пияз жәрмеңкесі өтті