БҚО-да заңсыз айналымнан 87 келіге жуық есірткі тәркіленді

Биыл Қызылорда облысында заңсыз айналымнан 87 келіге жуық есірткі тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысында 2025 жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша есірткіге қатысты 38 қылмыс тіркелді. Оның ішінде есірткі өсіру – 1, өткізу – 4, аса ірі көлемде сақтау – 1, жарнамалау бойынша екі дерек анықталған. Заңсыз айналымнан 87 келіге жуық есірткі тәркіленді, оның ішінде 60 келіден астамы — марихуана. Жедел-іздестіру шаралары барысында жылыжайда марихуана өндірген төрт қала тұрғыны ұсталды. Сондай-ақ екі фитозертхана анықталды. Есірткінің таралуына жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері күн сайын көпқабатты үйлердің аулалары, гараждар мен құрылыс аймақтарында тексеру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы тұрақты бақылау ұйымдастырылған.
Ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін әшкерелеу, есірткі саудасынан түскен қаражатты заңдастыру фактілерін анықтау және есірткі тұтынуға арналған притондарды жою бағытында жұмыстар жалғасып жатыр. Полицейлер есірткі қылмысымен күресті күшейтіп, нашақорлықтың алдын алу шараларын белсенді түрде жалғастыруда. Құқық қорғау органдары бұл күресте қоғамның да қолдауы маңызды екенін ескертеді. Есірткіге қарсы күрес жалғасады.
