Жаңалықтар

БҚО-да үй ауласындағы монша өртенді

БҚО-да үй ауласындағы монша өртенді
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 19.08.2024 23:40 673

Батыс Қазақстан облысы Тасқала кентінде жеке тұрғын үй ауласындағы монша мен шаруашылық құрылыс нысаны отқа оранды. Оқиға бүгін 19 тамызда болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды тез арада сөндіріп үлгерді. №15 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Руслан Джулкатов өрт кезінде тұрмыстық газ баллонын қауіпсіз аймаққа алып шықты. Қызыл жалын 12 шаршы метр аумақты шарпыған.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға