Жаңалықтар

БҚО-да тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 38 үй салынды

БҚО-да тасқыннан зардап шеккендерге қосымша 38 үй салынды
Фото: pixabay.com 22.10.2024 11:45 340
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға қосымша тағы 38 үйдің кілті тапсырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауданның бес ауылында бұған дейін 114 үй бой көтеріп, ел игілігіне берілген еді. Бірақ ондаған тұрғын аудандық комиссияның бастапқы қорытындысымен келіспей, шағым түсірді.

Нәтижесінде қайтадан техникалық сараптама жасалып, саман үйлердің іргетасы отырып, қабырғасы құлағалы тұрғаны анықталды.

Сонымен, облыс бойынша қала мен бес аудандағы тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға барлығы 889 үй берілді.

Саяжай тұрғындарына 2 мың 300-ден астам пәтер сатып алынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға