БҚО-да су тасқынынан кейінгі дезинфекциялау жұмыстары аяқталды
Фото: БҚО әкімдігі
Фото: БҚО әкімдігі
14.07.2024 19:48
562
Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен Бәйтерек, Қаратөбе, Бөрлі, Теректі, Сырым аудандарында және Орал қаласындағы саяжайларда дезинфекция жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нәтижесінде су тасқыны болған 7 мыңға жуық нысанға, оның ішінде тұрғын үйлерге, әлеуметтік нысандарға, су құбырларына дезинфекция жүргізілген.
Кейін су құбырларынан ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігіне зертханалық бақылау жүргізілді. Нәтижелер нормативке сәйкес келді. Төтенше жағдайлар мамандарымен қатар, дезинфекция жұмыстарын жүргізуге Жамбыл мен Ақтөбе облыстарынан келген әскери мамандар көмектесті, - деп жазылған облыс әкімдігі таратқан мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға