Жаңалықтар

БҚО-да су басқан аумақтан 16 адам тікұшақпен эвакуацияланды

БҚО-да су басқан аумақтан 16 адам тікұшақпен эвакуацияланды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 14.03.2023 09:27 1179

Батыс Қазақстан облысында бір ауылды су басып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, Қаратөбе ауданының Қоржын ауылынан 16 адам, оның ішінде 6 бала мен 2 жүкті әйел тікұшақпен тасымалданған.

13 наурызда Батыс Қазақстан облысы бойынша су басқан аймақты ТЖМ Қазавиақұтқару Ми-8 тікұшағымен әуеден барлау кезінде Қаратөбе ауданы Қоржын кентінің маңында «Қаратөбе кенті-Қоржын кенті» жергілікті маңызы бар автомобиль жолы арқылы еріген қар суының тасығаны анықталды. Құтқарушылар мен жүзу құралдарын елді мекенге тікұшақпен жеткізілді, – делінген хабарламада.

Жоғарыда аталған іс-шараларды өткізу кезінде осы кенттің 16 тұрғыны Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе кентінің аудан орталығына жеткізілген.

Төтенше жағдайлар министрлігі қазіргі уақытта Қоржын кентіне баратын көлік қатынасы тоқтатылғанын және тұрғын үйлерді су баспағанын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға