БҚО-да су айдынында 54 жастағы адам құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ
14.07.2024 16:17
541
ТЖМ өкілдері Батыс Қазақстан облысында 54 жастағы ер адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Жәнібек кентінде жасанды су айдынында су таситын көлікке су алу кезінде абайсызда суға құлап, 1970 жылы туған жүргізуші суға бата бастады.
Ер адамға дереу көмекке жақын жерде судағы қауіпсіздік бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіп жүрген, №21 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты А.С. Алимов келді.
Ер адамға медициналық көмек қажет емес.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қазақстанда Сібір жарасының жиілігі екі есе төмендеді