Жаңалықтар

БҚО-да су айдындарындағы рейдтік жұмыстар күшейтілді

БҚО-да су айдындарындағы рейдтік жұмыстар күшейтілді
Фото: Видеодан кадр 02.04.2025 02:30 316

Батыс Қазақстан облысында құтқарушылар 20982 әскери бөлімінің жеке құрамымен бірлесіп, облыстың су айдындарында рейдтік іс-шараларды күшейтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Жайық, Шаған және Деркөл өзендерінде заманауи «Марлин» қайығымен алдын алу рейдтері жүргізілді.

Азаматтарға жүзу құралдарын пайдалана отырып, балық аулау кезінде су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары, сондай-ақ су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны немесе сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндірілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға