Жаңалықтар

БҚО-да шаруа қожалығының басшысы адамдарды құлдықта ұстаған

БҚО-да шаруа қожалығының басшысы адамдарды құлдықта ұстаған
Фото: © Polisia.kz 08.09.2023 14:17 944

Батыс Қазақстан облысында қожалық басшысы қала тұрғындарын құлдықта ұстаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәліметінше, жағдай Ақжайық ауданында анықталды.

Департаментке шаруа қожалықтарының бірінің басшысы еңбекке пайдалану үшін Орал қаласының тұрғындарын заңсыз ұстағаны жөнінде жедел ақпарат түскен.

БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында аталған дерек расталды. Соның нәтижесінде Орал қаласының бірнеше тұрғыны полицияға арызбен жүгінді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы 3-бөлігіне (бас бостандығынан заңсыз айыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды, - деп хабарлады полиция.

Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адам мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға