БҚО-да Ресейге заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды

Фото: ҚР ҰҚК
Фото: ҚР ҰҚК
09.08.2023 12:28
928
Қазақстандық шекарашылар Ресей аумағына заңсыз өтпек болған шетелдіктерді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰҚК мәліметінше, 4 тамызда БҚО-да белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Ресей аумағына қарай Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған бес шетел азаматы ұсталды.
Оқи отырыңыз:
- 94 мың түлекке 73 мың грант: білім сапасы төмендей ме?
- «Қазақстан халқына» қоры 850 білім грантын бөлді
Аталған адамдар Қазақстан Республикасына әуе жолымен турист ретінде келген. Алдын ала мәлімет бойынша олар жақсы өмір сүру жағдайын іздеп Еуроодақ елдеріне жол тартқан, - делінген мәліметте.
Ұсталғандар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Tiktok жұлдызына айналған Саран қаласының әкімі қызметінен кетті
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды