БҚО-да полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып мерт қылды
![БҚО-да полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып мерт қылды БҚО-да полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып мерт қылды](/storage/storage/element/2025/01/08/mainphoto/137105/1200xauto_NsMK3AfZo3BMae4oppoq6J4LIUVhgvk1kXLf5mHb.jpg)
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
08.01.2025 23:05
451
Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері көлігімен ер адамды қағып мерт қылды. Оқиға Меловые горки ауылында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлікті тізгіндеген жүргізуші Ақжайық аудандық ПБ көші-қон қызметінің қызметкері болып шықты.
Облыстық ПД жол-көлік оқиғасын растады және көлікті тізгіндеген полицей ішкі істер органынан шығарылғанын атап өтті. Медициналық куәландыру нәтижесінде тәртіп сақшысы ішімдік ішпегені анықталған.
Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша іс қозғалды. Қызметтік тексеру жүргізілуде,-делінген полиция мәліметінде.
Алдын ала мәліметтер бойынша жол апаты жарықтандырылмаған жолда болған және жүргізуші қарсы келе жатқан көліктің шамдарына шағылысып қалған.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Келесі жаңалық
Былтыр елімізде қанша сәби дүниеге келген