БҚО-да полиция атын жамылған жалған қызметкер ұсталды

Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Фото: ІІМ баспасөз қызметі
25.01.2024 21:18
898
Батыс Қазақстанда полиция қызметкерлері жалған полиция қызметкерін ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлер Орал қаласының тұрғыны өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 1990ж.т. Орал қаласының басқа тұрғынына тиесілі 100 мың теңге көлеміндегі ақшасын алдап алып кеткенін анықтады.
Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жерін және автокөлігін тінту барысында «страйкбол» ойыны үшін автомат, аталған автоматтың 1 магазині, 2 пневматикалық винтовка, полиция қызметкерінің нысанды киімі, көзінің ойықтары бар қара түсті бетперде табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жас қаламгерлер Президенттік әдеби сыйлыққа ие болды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде ер адам тереңдігі 3 метрге жуық құдыққа құлап кетті