Жаңалықтар

БҚО-да оқу орындары мен бизнес өзара тығыз іс-қимыл жүргізеді

БҚО-да оқу орындары мен бизнес өзара тығыз іс-қимыл жүргізеді
Фото: Видеодан кадр 11.01.2025 16:12 114

Батыс Қазақстан облысында Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жастарды кәсіптік бағдарлауға және сұранысқа ие жаңа мамандықтарды дамытуға бағытталған бірқатар маңызды бастама іске асырылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мамандарды даярлау сапасын жақсартуға және жұмысшы кадрлардың тапшылығы проблемасын шешуге ықпал ететін оқу орындары мен бизнестің өзара тығыз іс-қимылы маңызды саналады.

Батыс Қазақстан облысында да Жұмысшы мамандықтары жылына арналған бағдарлама бекітілді. Колледждерді бейіндеу, жаңа мамандықтар ашу, Жаңа мамандықтар атласын жасау бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар түлектер туралы деректерді талдау, оларды жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді. Бұл жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыруға ықпал етеді. Батыс Қазақстан индустриалды колледжінде біз металл жонушы, дәнекерлеуші, электрші, байланысшы мамандарды даярлаймыз. Бізде 470 студент оқып жатыр. Биыл автоэлектрик мамандығын ашуды жоспарлап отырмыз, — деді Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің директоры Серік Мұхамбетқалиев.

2026 жылға дейін 4 мыңға жуық жұмыс орнының қажеттілігі анықталды.

Кәсіпкерлер палатасы тарапынан Президенттің Жұмысшы мамандықтары жылын жариялау бастамасын толық қолдаймыз. Бірқатар кәсіпорын кадрлардың жетіспеушілігі туралы айтып жатыр. Біз Батыс Қазақстан облысының 2 мыңнан астам кәсіпкерлері арасында сауалнама жүргіздік. 2026 жылға дейін 4 мыңға жуық жұмыс орнының қажеттілігі анықталды. Ауыл шаруашылығында механизатор, ветеринар маман тапшы, сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінде, медициналық мекемелерде сұраныс бар, яғни мәселе өте өзекті. Сонымен қатар жұмысшы мамандықтарын дәріптеу мақсатында біз кәсіпорындарда мектеп оқушылар мен колледж оқушыларына арналған экскурсиялар өткіземіз, сол арқылы оқушылар зауыттардың қызметімен таныса алады, — деп атап өтті Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мақсат Құланбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға