БҚО-да Мәскеуге жол тартқан жүк көлігі аударылып кетті

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
21.03.2025 00:24
353
Батыс Қазақстан облысында Мәскеуге жол тартқан жүк көлігі жолдан шығып, аударылып кетті. Оқиға «Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы» автожолының 357 шақырымында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жол апатына түскен жүк көлігін Қаратөбе ауылынан Орал қаласына бара жатқан кезде Қазақстан ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері байқап қалған. Олар дереу көмекке келген. Әскерилер көліктегі тауарды түсіріп, дөңгелектерін қойып, көлікті жолға сүйреп шығарды. Жүргізуші құтқарушыларға алғысын білдірді.
Белгілі болғандай, жүргізуші Қырғызстан Республикасынан Ресей астанасына бара жатқан екен.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қанат Бозымбаев Ақтөбеде су тасқыны кезеңінің өтуін тексерді
Келесі жаңалық
Түркістанда Наурыз мерекесі халықаралық деңгейде атап өтілді