Жаңалықтар

БҚО-да көшелер мен аулаларды су басты

БҚО-да көшелер мен аулаларды су басты
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі 01.03.2023 11:25 680

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"28 ақпан күні сағат 16.00-ден 23.00-ге дейін +2 температура режимінде қардың қарқынды еруі нәтижесінде Орал қаласы мен Бөрлі ауданының Ақсай қаласы орталығының көшелері және тұрғын үй аулаларында еріген қар суы жиналды", делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдардың күшімен еріген қар суын бұру және сору жұмыстары жүргізілді. Көшелер мен аула аумақтарынан барлығы 933 текше метр су сорылып, 5100 текше метр қар шығарылды.

Барлық жедел ақпаратты облыстың ТЖД жедел су тасқынына қарсы штабы және Орал қаласы мен аудандардың әкімдіктері өңдейді.

Су тасқыны кезеңінің өтуіне бақылау жүргізілуде.

Көшелер мен аула аумақтарында Төтенше жағдайлар департаментінен 11 қызметкер, 2 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардан 25 адам және ЖАО 23 бірлік техникасы жұмыс атқарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға