Жаңалықтар

БҚО-да кәсіпкерге 40 миллион теңге салық заңсыз салынған

БҚО-да кәсіпкерге 40 миллион теңге салық заңсыз салынған
Фото: © Pixabay.com 12.05.2023 16:00 737

БҚО-да кәсіпкерге 40 миллион теңге салық заңсыз есептелген, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кәсіпкер Орал қаласының мемлекеттік кірістер басқармасына шағыммен жүгінді. Айтуынша, мемлекеттік кірістер органы оған қосымша 40 млн теңге салық берешегін есептеу туралы хабарлама жіберген.

Қосымша есептеудің себебі – жүк көлігін импорттау кезінде СЭҚ ТН кодын дұрыс көрсетпеу. Бұл ретте импортталған тауар көрсетілген кодқа толық сәйкес келеді, сондай-ақ бастапқыда рәсімдеу кезінде есептелген және төленген кедендік төлемдер мен салықтар заңнамаға толықтыай сәйкес келеді.

Департамент өкілдері мүдделі тараптармен кеңес өткізді. Оның барысында бастапқы кедендік рәсімдеудің заңдылығы туралы дәлелдер расталды.

Департаменттің ұсынысы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы хабарламаны қайтарып алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға